Жаңалықтар

Мектеп оқушылары «Бауыржантану» ҒЗО-да қонақта болды (12.04.2022)

Бүгін Ғылым қызметкерлерінің күнінде «Бауыржантану»  ғылыми-зерттеу орталығына Тараз қаласындағы 30,50,53 орта мектептердің 10,11 сынып оқушылары мен мұғалімдері арнайы келіп қонақта болды. Орталықтың аға ғылыми қызметкері Әлімбай Аманбайұлы Найзабаев Бауыржантанудағы атқарылып жатқан жұмыстардың өткені мен бүгіні, алдағы жұмыстары  туралы толық мағлұмат берді. Баукеңнің ұстаған заттары мен қолжазбаары және қолтаңбасы қойылған кітаптарымен таныстырды. Оқушылар батырдың қанатты сөздері мен мақал-мәтелдерін айтып, сұрақтарына жауаптар алды. Естелік суретке түсті.

Стандартты заманның стандартсыз адамы…

Бүгін Дулати университетінде Бауыржан Момышұлының туған күніне орай білім ордамыздың Бауыржан есімді оқытушылары мен қызметкерлерін, білім алушыларының басын қосқан іс-шара өтті.

Мақсаты — батыр Бауыржан Момышұлының ісін, еңбегін насихаттау, жастар арасында батырдың ерлігін дәріптеу.

Іс-шараны Темірбай Әліұлы жүргізді. Модератор Б. Момышұлы туралы қызықты әрі мағыналы ақпараттармен бөлісе отырып, тың деректерді де тілге тиек етті.

«Бауыржантану» ҒЗО-ның ғылыми қызметкері Н. Әлімбай Б. Момышұлы туралы шыққан кітаппен таныстырса, Журналистика мамандығының 1-курс студенттері Әуесбек Анар «Қаһарман батыр» атты өз туындысын оқыды.

24.12.2021 ж

«…Табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбектенуде», — деді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жақында ғана жарық көрген «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында.

Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті

«Москва үшін шайқас» кітабы бойынша дөңгелек үстел өтті

Бүгін 12.11.2021 жылы сағат: 11:30 да Москваны неміс-фашистерінен қорғау үшін болған соғыста Алматыдан құралған 316 (8) гвардиялық атқыштар дивизиясының 80 жылдығына орай Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» кітабы бойынша дөңгелек үстелде сыр-сұхбат өтті. Іс-шараға М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-3 курс студенттері мен дайындық курсының тыңдаушылар және Тараз қаласы Б. Момышұлы атындағы 45 мектеп-гимназияның мұғалімі, оқушылар мен орталықтың қызметкерлері қатысты.

«ҰРПАҚ ҮНДЕСТІГІ – ҒАСЫР ТОҒЫСЫНДА» атты республикалық онлайн конференциясы өтті

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен