
Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев
Біз туралы
2004 жылы құрылған. Бүгінгі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіні жанынан «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы болып, жұмысын жалғастарып келеді.
«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты – жауынгер жазушы, Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының академиялық 100 томдық шығармалар жинағын даярлап, әдеби мұрасын келешек ұрпақ қолына рухани ұлттық мұра ретінде ұсыну.
Осыған орай «Бауыржантану» орталығының міндеттері Б.Момышұлының әдеби мұрасын толық жинастырып, басылымға қайта даярлау және Б. Момышұлының өмірі мен әдеби мұрасы туралы қазақ пен бүкіл әлем тілдерінде жазылған деректерді жинастыру болып табылады.